From Wikipedia, the free encyclopedia
Алматы – таза ауа, әсем табиғат, шипалы су және балшықпен емдейтін климаттық - бальнеологиялық санаторий. 1967 жылы ашылған. 1999 жылға дейін мемлекеттік мекеме, 1999 – 2003 жылы Қазақстан Республика Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының «Алматы» клиникалық санаторийі, 2003 жылдан «Алматы» санаторийі АҚ болып қайта құрылды. Санаторий Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте, Алматы қаласының оңтүстігінде орналасқан. 155 орны бар (2007 жылы). Жыл бойы қызмет көрсетеді. Ауа темпратурасы: қаңтарда –3,8°С, шілдеде 23°С. Жауын-шашын мөлшері 700 мм-дей. Негізгі емі: хлорлы - натрийлі - кальцийлі орташа минералданған Ақсай минералды суы және Тұзкөл көлінің (Алматыдан 330 км, Райымбек ауданында) шипалы балшығы. Минералды су әр түрлі ванналар (минералды, жартылай минералды, камералық, гидрогальваникалық, т.б.), ал шипалы балшық былау жасау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ физиотерапия, массаж жасалады, жаяу жүретін бағдарлар (1000 метр, 1500 метр, 2200 метр) белгіленген. Санаторий асқазан - ішек жолдарының, жүрек - қан тамыр, жүйке, эндокринді, зәр шығару, тыныс алу жүйелері, тері, урология, гинекология ауруларды емдейді. Функционалдық диагностика, стоматология, инемен емдейтін, т.б. кабинеттер бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.